Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАБАЛДЫРЫҚ – ЕҢ БИІК ТАУ

ТАБАЛДЫРЫҚ – ЕҢ БИІК ТАУ


Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Туған жерге тағзым» форумына қатысушы қонақтар – академиктер Асқар Жұмаділдаев, Жеткерген Арзықұлов, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, актер Ғани Құлжанов пен әнші Жеңіс Ысқақова және жергілікті кәсіпкерлер – «Нұрай» ЖШС директоры Сейітқали Алшынбаев, «Абзал және К» ТС директоры Марат Сәрсенбаев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Журналистермен жүздесуде қонақтар ауқымды шара жайында ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді.
Сыр өңірінен түлеп ұшып, бүгінде түрлі сала бойынша елге қызмет етіп жүрген айтулы азаматтардың ауылға деген сезімдері айрықша. Брифинг барысында маңдайалды математик Асқар Жұмаділдаев облыстағы жағымды жаңалықтарды сөз етті.
– Дүниедегі ең биік тау – табалдырық. Ұшқан ұяңнан көргенің, ауылдан алған тәлімің өмір бойы азық болады. Елден бала күнімізде кетсек те, Қызылорда туралы айтылғанда елең етеміз. Аймақтың бүгінгі жағдайы, қаланың қазіргі күйі бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше. Біз соған қуанамыз, мақтанамыз, – деді ағынан жарылып.
Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы оң өзгерістер жайында да пікір білдірді. Медицинада, өнер мен білімде ауыз толтырып айтар жаңалық жетерлік. Мәселен, Жеткерген Әнесұлы облыстық медициналық орталықтың озық технология үлгісімен жарақталып, дәрігерлер білігінің жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ал актер Ғани Құлжанов аймақ басшысының өнерге, театрға деген қамқорлығына алғысын жеткізді.
– Облысқа өзге өңірдің әртістерімен келгенде марқайып қаламын. Біздегі рухани құндылықтарға деген қолдауды көріп мақтанамын. Мысалы, басқа аймақтармен салыстырғанда музейіміз әлдеқайда жоғары деңгейде.  Сондай-ақ, «Жастар театрының» ашылып, жас өнерпаздарға жаңа мүмкіндік туғаны үлкен жетістік, – деді ол.
Еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген азаматтардың басын біріктірген форумның басты мақсаты – әрбір адамға туған жер алдындағы парызын ұғындыру. Осыған орай шараға қатысушы қонақтармен жер-жерлерде кездесулер ұйымдастырылды.
Брифинг барысында аймақта алдағы уақытта қолға алынса деген ұсыныс-пікірлер де айтылды. Мәселен, облыста туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Одан бөлек көркем, деректі фильм түсіруге сұранып тұрған орындар жетерлік. Осы орайда Ғани Құлжанов жақсы жаңалығымен бөлісті. Қызылорда қаласының 200 жылдығына тарту ретінде жаңа бір туындыны дайындау жоспары бар екенін жеткізді. Тағы бір қозғалған мәселе – рухани, адами құндылықтарды дәріптеп жүрген театр әртістерін республикалық деңгейде марапаттап, әлеуметтік жағына қолдау білдіру. Сонда Президент мақаласының маңызы ашылғандай болар еді деген ой айтылды.

Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 496 0