ТЕРЕҢӨЗЕК
Тереңөзек, жүрмін күнде көшеңде,
Қарызым көп осы елге,
Көкірегімде лаулап жанған бір от бар,
Сол қоймайды жырламайын десем де.
Мен қайтемін, ғажап жерін басқаның,
Сенің қымбат маған батпақ, тастағың
Жан шаршамай, тән шаршаған кездерде,
Мөп-мөлдір боп көзді тартар аспаның.
Сол аспаның өз көңілім секілді,
Кейде сонша құбылады не түрлі.
Астан-кестең ала бұлтты от ойнап,
Жыр күреске шақырғандай атойлап.
Өнер, білім жүрген шарлап күнде іздеп,
Тереңөзек, сенде ғажап ұл-қыз көп.
Мен болмасам басқа біреу бар шығар,
Тас төбеңнен жарқырайтын жұлдыз боп.
Мақтадың деп босқа, бала, әй, мұны,
Бар-ақ шығар маған жұрттың айыбы.
Жақсы адамдар мекендеген жерлерді,
Жаман деуге бола ма екен, тәйірі.
Балашбек ШАҒЫРҰЛЫ,
ақын
Пікір 1