Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-ана жолын жалғаған

Ата-ана жолын жалғаған

Ұстаздың ұлылығы даналығында, ұрпаққа беретін тәлімі мен тәрбиесінде. Ал оқушыны даңғыл жолға салып, алғаш әріп танытқан, зейінін ашып, білім алуға құштарлығын оятқан бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі ұшан теңіз дер едім. Бүгінгі менің кейіпкерім Роза Айнашқызы Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейде бастауыш сынып мұғалімі болып отыз жылдан аса қызмет атқарып келе жатқан білікті ұстаз.


Роза Айнашқызы бұрынғы Терең­өзек ауданы, Ильич совхозында дү­н­­иеге келіп, №130 Абай атындағы орта мектепті тәмамадағаннан соң, ол институттан «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын игеріп шығып, қажырлы еңбек пен табандылығының арқасында бүгінгі таңда педагог-зерт­теуші дәрежесіне жеткен білікті маман. Қызығы апайымыздың ата-анасы да ұстаз болған жандар екен. Қазіргі таңда бір әкеден туған тоғыз ағайындының үшеуі мұғалім. Осы орайда Роза апайымызға: «Ұстаз болуыңызға себепкер болған кім? Өзіңіздің бала күнгі арманыңыз ба?» – деген сұрағыма:

− Мен ұстаздар отбасында дүниеге келгендіктен, бала күнімнен мұғалімдіктің қыр-сырын жете танып өстім. Сол кезде-ақ ата-анамның жолын қуып, ұстаз болам деген арман пайда болды және сол мақсатымның жолында әлі күнге аянбай еңбек етіп келемін. Себебі, ұстаздық аса жауапкершілікті, өзгерістер мен жаңа­шылдықты талап ететін мамандық. Оның қадір-қасиетін жете түсінген адам ғана білімді шәкірт тәрбиелеп шығады,− деді.

Роза Сейтасқарова білікті ұстаз бо­л­уымен қатар, үш бала тәрбиелеп отырған аяулы ана. Бүгінгі таңда үлкен ұлы Нұржан құрылыс саласының маманы болса, қызы Нұргүл ана жолын қуып Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарады, ал кіші ұлы Нұрбол жоғары білімді мұнай саласының маманы.


Ұжымдастары Роза Айнашқызының жаңашылдыққа құмар, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ұстаз екендігін айтады. Ол кісінің жеткен жетістіктері де, білікті маман екендігінің дәлелі іспетті. Ізденімпаз ұстаз облыстық оқу орталығы жанынан құрылған шығармашыл топ мүшесі. Сонымен қатар «Шығармашылық-ұстаздың өрлеу жолы», «Кәсіби өсу кепілі-шығармашылық қабілет пен кәсіби шеберлік» әдістемелік материалдар жинағының авторы. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім жә­не ғылым министрлігі «Дарын» рес­пуб­ли­калық ғылыми-практикалық ор­та­лығы, «Бастау» республикалық матема­ти­ка турнирінің облыстық кезеңінде I дә­режелі Диплом иегері атанған. Роза Сейтасқарованың өзімен қатар шәкірттері әрқашан көш бастап, көптеген облыс, рес­публика көлеміндегі білім сайыстарында топ жарып, алғашқы үштіктен түспей келеді. Еңбегінің жемісі ретінде білім беру саласындағы шығармашылық істерімен қа­тар «Алтын белгі» иегерін дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін 2017 жылы Астана қаласына туристік саяхатқа жолдама алды. Осындайда Абай Құнанбайұлының «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген қанатты сөзі ойға оралады. Роза Айнашқызы 30 жыл ғұмырын саналы ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Бала жүрегіне жол тауып, санасына білім нәрін сіңіре білу жауапты іс. Сол жауапкершілікті абыроймен алып жүрген ұстаздың еңбегін қанша ұлықтас
29 желтоқсан 2020 ж. 743 0