Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Отбасы – тәрбие бастауы

Отбасы – тәрбие бастауы

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде Отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Отбасын қолдау орталығының психологы Аида Маханбетова, заңгері Талғат Талғат Нұрсұлтанұлы, Жастар денсаулығы орталығының маманы Назира Тажибаева және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі Динара Тұрлығұлова қатысты.

Кездесу барысында отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, өзара сыйластық пен жауапкершілік, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен денсаулығы туралы маңызды мәселелер қозғалды. Мамандар оқушыларға өз салалары бойынша пайдалы кеңестер беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Кездесу жасөспірімдердің отбасы құндылықтарын терең түсінуіне және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі. Берекелі отбасы – бақытты баланың, тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақтың негізі.
13 қыркүйек 2026 ж. 24 0