Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әкелер күніне орай тәрбие сағаты өтті

Әкелер күніне орай тәрбие сағаты өтті

Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен маусым айының үшінші жексенбісі-әкелер күніне орай «Әке - бала қорғаны, отбасы тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Отбасындағы әке рөлінің мәнін ұғындыру. Оқушылардың әкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкенді құрметтеуге баулу. Бала мен әкенің арасындағы ыстық байланыс туралы айту. Мәдени шараны кітапханашы Динара Пазылбекова өткізіп әкенің отбасындағы маңызын түсіндірді.

"Әр шаңырақта әкенің орны ерекше, Әке - отбасының асыраушысы, тірегі, қамқоршысы. Әр отбасыда әкенің рөлі маңызды" деп кіріспе сөзбен ашып берді. Кеш қонақтары Тимур Айкупешов мен Жәнібек Ермаханов әр отбасыдағы тәрбие, махаббат пен сыйластық, бір-біріне деген құрмет болуы берік және мығым отбасының - негізі екенін айтып өтті. Шараға қатысушылар өз әкелері жайлы ыстық лебіздерін білдірді.
15 маусым 2025 ж. 592 0