Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепте 9-10 сынып оқушы қыздар арасында "ЕркеZHAN" қыздар клубының жетекшісі Жансая Байтәжиева, ЖДО орталығының мейірбикесі Д.Тұрлығұлова және психологы Н.Тажибаева, отбасын жоспарлау кабинетінің мейірбикесі Қ.Бакирова ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі" тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде қыз балаларға адамгершілік, адалдық, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тазалық қасиетін дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік танытпауға тәрбиелеу.

Кездесу соңында ЖДО психологы қыздар арасында психологиялық тренинг өтті. Қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру тренингтің мақсаты болып табылады. Оқушыларды бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
03 ақпан 2025 ж. 427 0