Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бізден сұраңыз! Біз қасыңыздамыз!»

«Бізден сұраңыз! Біз қасыңыздамыз!»

Ағымдағы жылдың 25-27 тамыз күндері «Бізден сұраңыз! Біз қасыңыздамыз!» атты акциясы аясында Сырдария ауданында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Сырдария аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты А. Рсымова және Отбасын қолдау орталығының психологі А. Маханбетова қатысты.

Мамандар Тереңөзек кентінде есепте тұрған тұлғалардың мекенжайларын аралап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және отбасыдағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтарға заң талаптары түсіндіріліп, отбасылық жанжалдардың алдын алу, өзара сыйластық пен жауапкершілікті сақтау мәселелері бойынша қажетті кеңестер берілді.

Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.
27 тамыз 2026 ж. 32 0