Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Сырдария ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» Республикалық акциясы басталды. Аталған акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ отбасының қоғамдық рөлін нығайту. Қазіргі таңда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қабылданып жатқан профилактикалық шаралар таныстырылуда. Акция аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде және халық көп жиналатын аймақтарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде. Мақсат – тұрмыстық жанжалдарды ерте анықтап, зардап шеккен азаматтарға уақытылы көмек көрсету.

Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Кез келген жағдайда құқық қорғау органдарына немесе дағдарыс орталықтарына жүгінуге болады.

Облыс көлеміндегі дағдарыс орталықтарының сенім телефоны: «Қамқорлық» дағдарыс орталығы: 8 (7242) 30-25-40 , 8-777-340-87-34 , 8-777-456-11-06 .

Сырдария аудандық «Отбасын қолдау орталығы»:(72436)-21-6-68;
21-0-58

Сырдария ауданы полиция бөлімі: 102

 Әйгерім Жеңісбекқызы,
Сырдария ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы
күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны
Фото: Ашық дереккөзден
27 қараша 2025 ж. 313 0