Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ деңіз!

Ағымдағы жыл басынан бүгінге дейін Сырдария АПб-нің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторларымен ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңының 20-бабы басшылыққа алынып, 15 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылған. Бұл 15 жәбірленушінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде екендігін білдіреді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алу себептері қызғаныш, жұмыссыздық, отбасылық құндылықтардың төмендеуі, алкоголь өнімдерін тұтыну болып табылады.
ҚР Конституциясының 27-бабында: «1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген. Заңда белгіленген міндеттерге қарамастан отбасы тұрмыстық қатынастар аясында ерлі-зайыптылар және ата-ана мен ересек балалар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністері сақталып отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы заңдылық; адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуына кепілдік беру; адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу; отбасын қолдау және сақтау; құпиялылық; өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу; тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы; кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделген. Заңның басым бағытттарының бірі отбасын қолдау және сақтау болғандықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір адам Заң аясында қорғауда болады. Сол себепті де отбасында орын алатын зорлық-зомбылыққа төзіп отыра бермей, уақытылы құқық қорғау органдарына хабарласып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ЖОҚ деңіз!
А.КОШТАЕВА Сырдария аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің
Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ