Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨРІКТІ АУЫЛДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК

КӨРІКТІ АУЫЛДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК


Айналаң сәнді болса, өмірің мәнді болмақ. Ал, айналаны сәнді ететін адамдар. Өткен он жылдан бері Нағи ауылы көркіне көрік қосып, өркендеу үстінде. Бүгінде ауылдардың Астанасы деген атақ алған. Көркіне көз тоятын болғандықтан осындай атауға ие болған. Елді мекеннің орталығына шоғырланған ине-жіптен өткендей жаңа ғимараттары көздің жауын алып, жарқырап тұрады. Орталыққа көрік беріп тұрған түрлі ағаштар мен гүлдер ерекше күтімде.
– Жыл сайын абаттандыруға 40-50 млн. теңге қаржыны шаруашылық есебінен бөліп тұрмыз, – дейді «Мағжан и К» ЖШС төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Дархан Ералиев.
Иә, айтса айтқандай биылдың өзінде абаттандыру бойынша бірқатар жұмыстар жасалған. Елді мекеннің кіре берісі түн мезгілінде бұрыннан самаладай жарқырап тұратын болса, енді оның әрбір бағанасына түрлі-түсті жарықтар орнатылған. Бұл жерден түнге қарай ғажайып сұлулықты сезінесің. Бұған дейін мектеп пен мәдениет үйін, білім ордасы мен мешітті жалғастыратын жолға ешнәрсе төселмеген қара жер болатын. Бұл әдемі ауылдың сынын бұзып тұратын еді. Жақыннан бері осы аралықтарға әдемі брусчаткалар төселді. Сондай-ақ, стадион сырланып, мектепке, су бұрқағына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрікті ауылға жыл сайын осылайша баппен күтім жасалғандықтан оның архитектуралық сымбаты артып, гүлдене түсуде.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
12 шілде 2018 ж. 1 710 0