Шаруасы шираған шаруашылық
Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында шынайы патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады деген болатын. Міне, содан барып «Туған жерге туыңды тік» деген сөздің өміршеңдігі айқындалады. Әркімнің туған жері – мысыр шаһары. Ал оны түлету, дамыту баршаға ортақ міндет. Осындай міндеттің үдесінен шығып келе жатқан жандар ауданда жетерлік. Олардың ішінде Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов атындағы ауылдың өркендеуіне ерекше еңбек етіп жүрген жандардың орны бөлек.
Еңбек түбі – қуаныш
Республикада теңдесі жоқ ауылдардың бірі саналатын Н.Ілиясов елді мекенінің дамуына Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевтің еңбегі зор. Ауыл ажарының айшықталуына «Абзал және К» толық серіктестігі есебінен қомақты қаржы бөліп, зәулім ғимараттардың бой көтеруіне септігін тигізуде. Осындай жұмыстың нәтижесінде серіктестік жақында «Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын алды.
Елді мекендегі «Мағжан және К» ЖШС «Абзал және К» ТС-нің құрамдас бөлігі. Ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде күріш егіп, оны өндірумен айналысатын шаруашылық жыл сайын мол өнімге қол жеткізеді. Аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі саналатын серіктестік осы жылы да қамбаны астыққа толтырып, ауданда егін шаруашылығында, күріш өндірісін дамытуда, оның ішінде тұқым өндіру, техника паркін жаңалауда «Озат шаруашылық» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осындай жетістікке жеткен шаруашылықтың жылдық жұмысымен танысу үшін серіктестік төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Дархан Ералиевпен кездескен едік. Шаруашылық төрағасы биылғы жылғы бағындырған белес жоғары екенін жеткізіп, жылды табыспен қорытындылап отырғанын айтты.
– Өздеріңіз білетіндей, жақында үлкен марапатқа ие болдық. Елбасы толық серіктестікті «Алтын сапа» сыйлығымен марапаттап, ел мерейін асырды. Бұл Сыр елі мақтанышы десем артық емес. Мұндай марапат тындырымды тірліктің, жүйелі жұмыстың нәтижесінде келді, - деген Дархан Жұмашұлы шаруашылық жұмысына тоқталды.
Үстіміздегі жылы «Мағжан және К» ЖШС 4495 гектар жерге Сыр салысын орналасырып, орта өнім 60 центнерден келген. Көктем шыға «Лидер», «Янтарь», «Анаит», «Фаворит» тұқымдарын сеуіп, ала жаздай диқандар бел жазбастан еңбек етіп, нәтижелі жұмыс жасаған. Соның нәтижесінде, науқанда еңбеккерлердің мерейі тасып, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Аудан бойынша биылғы жылы науқандық жұмысты алғаш аяқтаған осы серіктестік. Оның өзіндік себебі де бар. Шаруасы шираған шаруашылық үстіміздегі жылы 4 «Клаас» бастыру және 3 «Магдон» күріш оратын комбайндар алған. Сөйтіп, шаруашылықта астық бастыратын комбайндар саны 8 «Клаас», 2 «Кейс», 2 «Джон дир», 8 «Енисейге» және күріш оратын 7 «Магдонға» жетіп, маусымдық жұмыстардың ерте бітуіне септігін тигізіп отыр.
Жалпы, ірі шаруашылықта 350 адам тұрақты жұмыс жасайды. Оның ішінде, күріш егумен 10 бригада айналысады. Олардың қатарында биылғы жылы үздік көрсеткіш көрсеткен 3,6,7-ші бригада жұмысшыларын атап айтуға болады. Бригадир Талғат Жүнісов басқаратын №6 бригада өздеріне тиесілі 450 гектар жерден орташа өнім 63 центнерден астық алған. Ал №6 Қонысбек Қыдырғалиев бригадасы 480 гектардан 62,4 центнерден өнім жинаған. №7 Шухрат Бизақов бригадасы болса 440 гектар жерден 61,8 центнерден қамбаға астық құйып, үздіктер көшіне ілескен. Серіктестікте үздік көрсеткішке жеткен күрішшілер көп. Олардың қатарында Әмірбек Нарбаев (77 ц.), Нұрлыбек Бизақов (75 ц.), Серікжан Мешітбаев (72 ц.), Нұрлыбек Омаров (71 ц.) және тағы басқалары бар. Ал науқанда күріш оруда үздік көрсеткіш Еркін Көшекбаевқа тиесілі. Ол «Магдон» комбайнымен 700 гектар күріштік жерді дестеге түсірген. Одан кейін 650 гектар жерді орған Мейрамбек Алинов, 620 гектар астық орған Ғабит Жақсыбаев озаттар қатарында. Сондай-ақ, «ЖРК-5» жаткалы комбайндарымен 260 гектар күріш орған Нұрлан Соқпанов пен 230 гектар алқапты орған Тұрсынбек Әбдіреев еңбектері де елеулі. Ал «Клаас» бастыру комбайндарымен Дархан Алинов (27000 ц.), Ержан Бисенбаев (25000 ц.), Мейрамбек Искендировтерге (25000 ц.) жететін жан болмай тұр.
Осындай дала қосында күннің ыстықтығына қарамай қызу еңбек еткендер «Алтын күзде» жұмыстарының жемісін көрді. Облыстық «Алтын дән-2017» салтанатты шарасында өзіне бекітілген 35 гектар күріштіктен 75,2 центнерден астық алған Азамат Құрақбаев «Ыбырай Жақаев» атындағы төсбелгіні тақты. Ал шаруашылықтың №6 бригада бригадирі Қонысбек Қыдырғалиев «Үздік бригадир» номинациясымен марапатталды. Аудандық «Алтын дән-2017» салтанатты шарасында серіктестіктің күрішшісі Нұрлыбек Бизақов «Үздік күріш өсіруші» номинациясына ие болды.
Биылғы жылы шаруашылық күріштен бөлек 1058 гектар жерге бидай, 105 гектар жерге арпа, 67 гектарға сұлы еккен. Оған қоса, 651 гектар жерге жаңа жоңышқа, 435 гектарға түйе жоңышқа және 1582 гектар жерге ескі жоңышқа егіліп, мал азығымен қамтамасыз етілген.
– Қазіргі таңда 5,5 мың гектар жерге сүдігер айдалды. Ауыл маңынан 105 гектар жаңадан жер ашып, келер жылға дайындап қойдық. Ал науқандық жұмыстардан кейін 10600 тонна әр түрлі сорттан тұқым қамбаға құйылды. Облыс шаруашылықтары өтініш білдірсе, тазартып беруге әзірміз. Сондай-ақ, бізде 110 тонна жоңышқа тұқымы да дайын, - деген аудандық мәслихат депутаты Д.Ералиев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жылдың қорытынды жиынын өткізгендігін айтты. Шаруашылық еңбеккерлеріне арналған мерекелік сабантойда жыл бойғы жұмыстарға есеп берілген. Сонымен қатар, еңбегі елеулі 60-тан аса адамға арнайы дипломдар мен «Алғыс хаттар» және бағалы сыйлықтар табыс етілген.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ

Пікір 2