Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мәжіліс өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мәжіліс өтті

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлының төрағалығымен «Сырдария-қауіпсіз аудан, болашақ ұрпақ мекені» жобасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі үшжақты (аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі) Жол картасының орындалуы бағытында мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан прокурорының орынбасары Махмут Ахтанұлы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері, тиісті сала қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Махмут Ахтанұлы Жол картасының орындалу барысын баяндап, аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы қорытындылап, Жол картасына сәйкес тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 наурыз 2026 ж. 48 0