«Қарасора – 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңейтілген мәжіліс өтті

Аудан әкімінің орынбасары мәжілісте алғы сөз сөйлеп, есірткіге қарсы күрес баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деген болатын. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Осы ретте, республика көлемінде «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Сондықтан барлық мүдделі тараптарды бірлескен, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын! – деді Димаш Серікбайұлы.
Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе көтерілді. Бірінші мәселе ауданы аумағында «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасын өткізу туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әділхан Қанзадаев хабарлама жасаса, екінші мәселе есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт баяндама жасады.
Жиын барысында аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп тыңдалып, алдағы уақытта жүргізілетін шаралардың нақты бағыттары талқыланды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, профилактикалық іс-шараны жүйелі түрде жүргізу жүктелді.
Мәжіліс соңында орталық алаңда полиция басшығылымен жеке құрамға осы бағыттағы жұмыстарды нақты әрі кешенді жұмыстарды іске асыру тапсырылды.
Айта кетейік, «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында өтеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі