Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және барлық ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.

Күн тәртібі бойынша «Қараусыз ауыл шаруашылығы және үй жануарларына қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» (баяндамашы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт) және «Алаяқтық қылмысының, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу шаралары туралы» (баяндамашы ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Әділхан Қанзадаев) екі бірдей мәселе қозғалды.

Комиссия отырысында құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшылары баяндама жасап, өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары құқық бұзушылықтың алдын алу үшін барлық тиісті мекемелердің бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс істеу қажеттігін атап өтті:
– Былтырғы жылы аймақ басшысының төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында алаяқтыққа, оның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Себебі Елімізде қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Қараусыз қалған ауыл шаруашылығы және үй жануарларына қарсы күрес мәселесі де маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл мәселе тек жануарлардың өзіне ғана емес, қоршаған ортаға, адам қауіпсіздігіне және санитарлық жағдайға да үлкен әсер етеді. Бүгінгі комиссия отырысында біз осы түйіткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыру үшін тиісті шараларды мерзімінде және сапалы атқару мәселесін қарастырамыз, – деді Димаш Серікбайұлы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 наурыз 2025 ж. 434 1

Iola от 31 мамыр 2025 08:21
Kudos, I like it! casino en ligne Nicely put. Thank you. meilleur casino en ligne Cheers! Numerous advice. meilleur casino en ligne Valuable material Thank you! meilleur casino en ligne Reliable write ups Kudos. casino en ligne You actually expressed that wonderfully! casino en ligne Awesome forum posts, Thank you. casino en ligne Thanks! Ample info! casino en ligne Thanks, Fantastic stuff. casino en ligne francais You stated it adequately! casino en ligne France