Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша кездесу өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша кездесу өтті

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы №132 орта мектебі мен №129 мектеп-лицейінде болып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Тәрбие мен тәртіп мәселесін көтерген жиынға аудан әкімі орынбасарымен бірге Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы, аудандық аурухана қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен ардагер ұстаздар және әйелдер кеңесінің төрайымы қатысты. Ұл балалар мен қыз балаларға бөлек өткізілген кездесу құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, электроны вейп және нашақорлық, әлімжеттік пен топтық төбелестің, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында еркін пікірлесу сипатында өтті. Ел ағалары оқушыларды жігерлі сөздерімен қанаттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға, еркін ойлы шығармашал азамат болуға шақырды.
21 ақпан 2024 ж. 298 0