Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы №37 мектеп-лицейінде болып балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Тәрбие мен тәртіп мәселесін көтерген жиынға аудан әкімі орынбасарымен бірге Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы,Сырдария аудандық аурухана қызметкері,психолог М.Маханбетжанов,Сырдария ауданы АПб-нің ЖПҚб-нің Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Жұмабек Гүлістан,Шаған ауылдық округінің әкімі Смайлов Нұғман,ардагер ұстаз Жанабергенова Жанагүл ауруханана қызметкерлері, ауылдық округтегі ардагерлер, әйелдер кеңесі төрайымы қатысты. Ұл балалар мен қыз балаларға бөлек өткізілген кездесу құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, электроны вейп және нашақорлық, әлімжеттік пен топтық төбелестің, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында еркін пікірлесу сипатында өтті. Ел ағалары оқушыларды жігерлі сөздерімен қанаттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға, еркін ойлы шығармашал азамат болуға шақырды.
15 ақпан 2024 ж. 96 0