Өлім алдындағы адамдардың ең жиі кездесетін 5 өкініші
Бұл мақаланың әлқиссасы анкологиялық аурумен ауыратын науқастарға қарайтын медбикемен болған әңгімеден соң туындап отыр. Сөз арасында "А" ханым өзінің атын айтпауымызды өкінген болатын. Құп. Біздің білгіміз келген дүние әуелден әйгі. Керіге шегінер жер жоқ, өмірің дем ұшында тұрғанда не нәрсеге өкініш туындайды? Өкініш көп қой... Деседе "ең, ең, ең..." дегені не? Соның топ-5 реитингісін құрап көрдік. Мархаббат:
1. Өзі үшін өмір сүре алмағаны үшін
Тегі, адамдар өзгелердің көңіліне көп жығылып, өз армандарын өлтіріп алады екен. Осы орайда өмірдің қалай өтіп кеткенін аңғармайды. Бұл жоғалтқан махаббат, алданған көңілден әлде қайда ауыр қайға, батпандай өкініш болса керек.
2. Тым көп жұмыс істегені үшін
Күтпедіңіз бе? Мен де таң қалдым. Десе де үздіксіз жанталасқа үзеңгі салып жарысып жүріп жылдардың қалай өткенін аңдамайды кей адам. Жиған тергені не үшін? Кім үшін? Өзіңіз ойланып көріңізші...
3. Өз сезіміңді ашық айтуға батылдықтың жетпеуі
Иә, бұл өкініш жылдар бойы қалыптасады емес пе? Досыңның көңіліне қарау, басқаның көңіліне қарау... Осы орайда оларға тән шындықты тұншықтыру... Иә, дер кезінде бастғыңа қарсы шықпау, сүйгеніңе тоқташы деп үндеу... Мұның абрлығы жиналып сапар соңында айықпас өкініш болуы мүмкін. Ойланыңыз.
4. Жақындарыңа көңіл бөлмеу...
Барлық өкініштің шығу тегі бір. Ол - баланс сақтамау. Кей адамдар жақындарына аз көңіл бөлгені үшін күйінеді. Иә, иә... Тұйықтық, жұмысқа берілу. Осы орайда туыстарыңынынң сенен бас тартуы, екі бармаған туған күн иесі үшіншісінде шақырмауы...
5. Бақыттан бас тарту
Бұл бақыттың бағасын өсіру де. Себебі кей адам атқан таңға да қуанады, кей адам тауып алған қазынаса да қанағат қыла алмайды. Осы жолда олар барынан айырылады екен. Сапар соңында өз бақытын өзі тонағанын сезінеді... Өкініш...
Дереккөзі: Reactor.kz
Пікір 2