Тест: "Қиындықты өзіңіз жеңе аласыз ба?"
Адам баласының мінезі әртүрлі. Бірі күш-жігері мықты пысық болып келсе, екіншісі керісінше ынжық. Ал сіз ше? Өз қиындықтарыңызды өзіңіз шеше аласыз ба? Бұл сұрақтың жауабын кезекті тест көмегімен анықтаңыз.
1. Өзіңіздің қиындықтарыңыз туралы біреуге айтасыз ба?
А) Маған ешкім көмектесе алмайтындықтан, айтпағанды жөн санаймын– 3
Ә) Көмектесуге қабілеті бар адам болса, міндетті түрде айтамын– 1
Б) Көбіне айтпаймын, өйткені қиындық жалғыз менде емес барлығында да бар– 2
2. Өзіңіз тап болған жайсыздықтарға байланысты қатты алаңдайсыз ба?
А) Үнемі қатты алаңдаймын – 4
Ә) Нақты ситуацияға байланысты – 0
Б) Уақыт барлығына емші, сондықтан да мойынсұнамын – 2
3. Бір нәрсеге бола көңіліңіз толмай жүр делік. Мұндай жағдайда не істейсіз?
А) Өзіме сыйлық жасап, көңілімді көтеремін – 0
Ә) Ең жақын достарыма барамын - 2
Б) Өзімді қатты аяп, үйде жатамын – 4
4. Жаныңызға жақын адамыңыз ренжітті. Сіз қандай шара қолданасыз?
А) Ешкіммен сөйлеспей қоямын – 3
Ә) Не себепті олай жасағанын түсіндіруін сұраймын – 0
Б) Мені тыңдауға дайын кез келген адамға мұңымды шағамын – 1
5. Ең бақытты сәтіңізде:
А) Бақытсыздық атаулысын мүлдем есіме алмаймын – 1
Ә) Іштей бұл қуанышым көпке созылмайды ғой деген қорқынышым болады – 3
Б) Өмірдің өзі жақсы мен жаманның арпалысынан тұрады емес пе? – 5
6. Психолог мамандарға деген көзқарасыңыз қандай?
А) Олардың науқастарының қатарына қосылғым келмейді – 4
Ә) Олар – адам жанының дәрігері – 2
Б) Адамдар олардың көмегінсіз-ақ өмір сүре алады деп ойлаймын – 3
7. Сіздің ойыңызша, тағдыр деген ...
А) Үнемі мені сынға алады – 5
Ә) Мүлдем әділетсіз – 2
Б) Тағдыр әркімге көтере алатын жүгін ғана артады. Өз тағдырыма ризамын – 1
8. Жақсы көретін адамыңызбен ұрсысып қалып, артынша ашуыңыз басылған соң не ойлайсыз?
А) Өткен уақыттағы тәтті сезімдерді еске аламын – 1
Ә) Одан кек қайтарғым келеді – 2
Б) Одан біржолата құтылғаныма қуанамын – 3
Енді жинаған ұпай сандарыңызды қосыңыз.
7-15 ұпай: Тағдыр атты ұзақ жолда кездесетін қиындықтың барлығын оңай шешесіз. Оларға болмашы дүние ретінде ғана қарайсыз. Жанашырлық сезімін жек көресіз. Рухани құндылықтарды ардақтай білетін сіздей жан көп кездесе бермейді.
16-26 ұпай: Тағдырыңызға көңіліңіз тола бермейді. Өзгелерге шешілмеген қиындықтарыңызды айтып мазасын аласыз. Үнемі жанашырлық сезіміне мұқтаж болып тұрасыз. Өзіңізді қолға алып, ұстамдылыққа тәрбиелегеніңіз жөн сияқты.
27-36 ұпай: Өз қиындықтарыңызды толығымен шеше алмайсыз. Сізді мазалайтыны сондықтан болар. Ешкіммен сөйлеспей қоятын әдетіңіз бар. Алға жетелейтін күш-жігеріңіз болғанда үлкен табысқа жететін едіңіз. Сол себепті ойланып көріңіз.
Пікір 2