Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлем-бесік ана әлдиімен тербелсін

Әлем-бесік ана әлдиімен тербелсін

Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік концерттік бағдарлама болды. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысты.

Көктем – жаңару мен нәзіктіктің мезгілі. Ал нәзіктік пен мейірімнің символы – әйел. Қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлы әйел бейнесін сұлулық пен ізгіліктің символы ретінде жырлаған. Сұлулық – тек сыртқы келбет емес, ол – жанның көркемдігі. Мұқағали Мақатаев бақытты – ананың ақ жүрегінен іздеген. Өйткені ананың мейірімі – мәңгілік. Жаныңа шуақ ұялар, жер бетіне сұлулық, жүрегімізге жылулық сыйлар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы құт­тықтады.

– Сіздерді гүл көктемнің әсем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қашанда еліне тұтқа, ұрпаққа пана болған Анадан құдіретті, Анадан ардақты, Анадан аяулы ешкім жоқ. Тiршiлiктiң тiрегi, отбасының берекесi, барша адамзаттың тәрбиешiсi – ана. «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді». Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәрiмiз бас иемiз. Тарихтың қай парағын ақтарсақ та текті аналарымыздың өнегелі істері мол. Бегім ана мен Домалақ ана, Айша бибі, Қыз Жібек пен Баян сұлу, Тұмар мен Зарина ханшайымдар, кешегі Әлия мен Мәншүктердің бейнесі ұрпақ санасында. Сырдария ауданында ақыл мен парасаттың, әдемілік пен әділдіктің, ауызбіршілік пен сыйластықтың үлгісін қалыптастырған ардақты аналардың өнегелі өмірі аңызға айналып, ел аузында. Батыр аналарымыз Күләнда Әбдраманова, Балдырған Мұстапаева, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Назира Сисен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бексұлу Синаева, күріш егудің майталманы Күләш Әсімова, Райкүл Жалғасбаева, сауыншылар Күлжан Әуезова, Сәуле Өмірзақова, Перуза Сәтпаева, шопан Бахаркүл Қордабаева, алып техниканы меңгерген Ырысты Өкшебаева, Гүлнәр Әлекеева, партия, кеңес және кәсіподақ салаларында басшы қызметтер атқарған Дина Айсина, Алмагүл Божанова, мәдениет саласының майталмандары Сәбира Майқанова, Алмагүл Бахтиярова, Жадыра Дәрібаева, ұстаздардың ұстазы Ажар Әзхожаева, білім саласының ардагері Ұлмекен Жанәлиева, әнші қызымыз Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы, Құралай Мейрамбек, кәсіпкерлер Роза Әлбатырова, Несібелі Керейтбаева, тағы да басқа ардақты жандар жетерлік. Бүгінде аудандағы 40 мыңға жуық халықтың 51 пайызын әйел-аналар, қыз-келіншектер құрайды. Олардың басым көпшілігі білім, денсаулық, мәдениет салаларында қызмет жасайды. Ауданда 274 Алтын алқа, 643 Күміс алқа иегері, 56 Батыр ана, 3 аудандық мәслихат депутаты, 8 әйел мектеп директоры, 24 қыз-келіншек балабақша меңгерушісі, 48 әйел мемлекеттік қызметте елге қызмет етуде. Осы орайда, қоғам мен мемлекет дамуына белсене араласып жүрген аналарымызға, қыз-келіншектерге зор алғысымды білді­ремін, – деді аудан әкімі.

Құттықтаудан соң қоғам дамуына қосқан үлестеріне көрсетілген зор құрмет ретінде аяулы аналар мен арулар марапатталды. Мерекелік концерттік бағдарламаға ұласқан кеште барша ардақты аналарға гүл шоқтары ұсынылды.

Бибісара ЖАНӘЛІ

07 наурыз 2026 ж. 84 0