Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ГҮЛ СЫЙЛАЙЫҚ ӘЙЕЛГЕ

ГҮЛ СЫЙЛАЙЫҚ ӘЙЕЛГЕ

А.Тоқмағанбетов ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “Гүл сыйлайық әйелге” атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шарада ауыл әкімі Ғ.Алданазаров ардақты әжелерді, абзал аналарды және қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, бірнеше Батыр аналарға, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан нәзік жандарға аудан, ауыл әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Шаруашылық директоры М.Есжанов аналар мерекесі құрметіне Қызылорда қалалық “Сырғалым” өнер орталығының өнерпаздарын шақыртып, ауыл халқына әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, шаруашылықтың демеушілігімен ауылда тұратын 100-ден астам аналарға сыйлық үлестірілді. Мерекеге қатысқан барлық аналарға, қыз-келіншектерге ауыл әкімі мен шаруашылық басшысы атынан гүл таратылды.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
12 наурыз 2019 ж. 1 700 0