Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы іс қаралды

Негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы іс қаралды

Сырдария аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Р.-дан 6 000 000 теңге көлемінде негізсіз баю сомасын  өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкерге ақша аударып, соның есебінен жауапкер негізсіз байығанын көрсеткен.

Сотта талап қоюшы жіберген ақшаның жауапкердің шотына түскені банк құжаттарымен расталып, тараптардың бір-бірімен таныс болмағаны және олардың арасында қандай да бір міндеттемелер болмағаны анықталды.

Жауапкер ақшаны қайтару бойынша шара қолданбаған және қаражатты заңды негізде алғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынбаған.

Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 6 000 000 теңге негізсіз баю сомасы, өкілдің қызметіне кеткен шығын 60 000 теңге баж өндіру туралы шешім шығарды.
Сырдария аудандық соты
27 ақпан 2026 ж. 294 0