20 миллион теңгеден астам қарыз дауы медиация тәртібімен аяқталды

Татуласу рәсімі барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін айтып, аралағындағы келісімді бекітуді сұрады.
Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға қарыз ақшаны әр ай сайын 230 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенді.
ҚР АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Сырдария аудандық соты
Фото: zko.sud.kz