Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Сырдария аудандық сотында талап қоюшы С-тың жауапкер Б-тан 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талабында, арнаулы кәсіптік білім беру жүйесінде күндізгі бөлімде оқуына байланысты, әкесінен өзі 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіруді сұраған.

Осыған орай, судья тараптармен әңгімелесу барысында, дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген.

Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 21-жасқа толғанша, ай сайын 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 12252 теңгеден алимент төлеп тұруға міндеттенді. Талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.






Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

12 мамыр 2022 ж. 442 0