Сырдария аудандық сотында бір күнде екі азаматтық іс тараптардың татуласуымен аяқталды
Сырдария аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкерлерденқарыз ақшасын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норма басшылыққа алынып, судьямен тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдары түсіндіріліп, татуластыру шаралары жүргізілген.
Тараптардан қоғамдық негіздегі медиатормен татуласу рәсімдерін жүргізу жөнінде өтініш түсіп, татуласу рәсімі өткізіліп, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өзара жазбаша келісімге келіп, медиациялық келісімдерін бекіту үшін сотқа ұсынған.
Тараптарға медиациялық келісімді жасаудың құқықтық салдары түсіндірілген. Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері заңға қайшы келмейді, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.
Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, оның берешек қарызын бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыға қайтарылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі