Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауды медиация тәртібімен реттеудің басты артықшылығы

Дауды медиация тәртібімен реттеудің басты артықшылығы

Талап қоюшы С. сотқа өзіне тиесілі көлемі 70,0 шаршы метр жер учаскесін жауапкер А. заңсыз иеленіп отырғанын көрсетіп оны қайтару туралы талап қоюмен жүгінген.

Сотта жауапкердің де даулы жер учаскесіне құқықтанушы құжаты бары және тараптардың жер учаскелері бір біріне қабаттасқаны анықталды. Мұндай жағдайда шегара дауы әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралады.

Алайда істі сотта қарау кезінде талап қоюшы мен жауапкер жер учаскесіндегі шегара дауын өзара реттеп, бір-бірімен қабаттаспайтындай қылып жаңадан жер учаскелеріне арналған мемлекеттік сәйкестендіру актілерін алып, шегаралық жерде орналасқан жауапкерге тиесілі мал қораны 30.04.2025 жылға дейін өз еркімен бұзу туралы медиациялық келісімге келіп, оны соттан бекітуді сұраған.

АПК-нің 169-бабының 2-бөлігіне сай, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған жағдайда талап қоюдың нысанасы мен негізін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгертуге жол беріледі.

Сот тараптар арасындағы шегара дауы өзара реттелгеніне көз жеткізе отырып, АПК-нің 169-бабының 2-бөлігіне сай даудың шегіне шығып тараптардың мал қораны бұзуға қатысыты медиациялық келісімінді бекітті, іс жүргізу тоқтатылды.

Осылайша тараптар арасындағы жер дауы бір істің аясында түбегейлі шешілді.


Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
12 ақпан 2025 ж. 111 0