Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімі аудандық полиция бөлімінің техникалық базасымен танысты

Аудан әкімі аудандық полиция бөлімінің техникалық базасымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық полиция бөлімінің техникалық базасымен танысты. Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы барып көрді.

Бөлімдегі техникалық базаның жабдықталуын аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қасымхан Асанұлы таныстырды. Бүгінде аудандық полиция бөлімінде 17 қызметтік автокөлік бар. Тәртіп сақшылары қызметтік автокөлікпен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен қызмет бабында пайдаланатын дрон және планшеттер беріліп, полиция қызметкерлері қолдануда.

Аудан әкімі аймақ басшысының қолдауымен техникалық база нығайғанын атап көрсетті. Сондықтан тәртіп сақшыларына қызметтік автокөліктерді күтіп ұстау, мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен қарау керектігін ескертті.

Атап өтейік, полиция бөлімінде жыл басынан Жедел басқару орталығы жұмыс істеуде. Мұнда ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 72 бейнекамера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы қамтылған. Барлық камера «ЖБО 2.0» бағдарламасы арқылы бақыланып, жыл басынан бастап пилоттық режимде жұмыс істеуде.
16 қаңтар 2025 ж. 311 0