Ардагер ағаға алғыс

Мұхтар аға туралы көп айтып, көп жазуға болады. Ол кісі ауданымыздың дамуына зор еңбек сіңірген журналистика саласының белді ардагері. Бүгінде сексеннің биік белесін бағындырып, тоқсан жасқа бағыт алған тұлға ауданның бас ақыны ретінде жұртшылық пен әріптестерінің шынайы құрметіне бөленіп келеді. Мен аудандық газет редакциясы жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде ақын, ұстазымыз Мұхтар Сақтаповты кәсіби мерекесімен құттықтап, зор денсаулық тілегім келеді.
Біздің, біздің деймін-ау бізден кейінгі буынның журналистика саласында жемісті еңбек етуіне М.Сақтаповтың қосқан үлесі зор. Ол кісі біздің редакцияға келіп еңбек етуімізге мұрындық болды және өлеңдегі, әдебиеттегі ортақ ұстазымыз саналады. Шығармашылық басқосуларда М.Сақтаповты біздің кураторымыз, деканымыз, ректорымыз деп бағалап, бәріміз шәкірті екенімізді мақтан тұтамыз. Расында да ардагер ағаның өмірі мен шығармашылығы көпшілікке үлгі-өнеге. Мерекеде ақын ағамыз бен Несібелі жеңгемізге барлық жақсылықтарды тілейміз.
Мүсілім Қалмұратұлы,
аудандық газет редакциясы
жанындағы бастауыш ардагерлер
ұйымының төрағасы
аудандық газет редакциясы
жанындағы бастауыш ардагерлер
ұйымының төрағасы