Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас ақынға құрмет

Бас ақынға құрмет

«Өлке болып оқимыз» жобасы ая­сында аудандық кітапхананың «Парасат ала­ң­ында» «Сырдария ауда­нының Құрметті азаматы», Қазақстанның құрметті журналисі Мұхтар Сақтапов­тың 85 жылдығына орай әдеби іс-шара ұйым­дастырылды. Оған ақынның шәкірттері мен кітапхана ұжымы қатысты.

Іс-шарада ақын Мұхтар Сақтаповтың шығармашығылығын кітапхана ұжымы кеңінен насихаттады. Қаламгердің журналистік саладағы еңбегі мен поэзиялық шығармаларының өзіңдік ерекшеліктері жоғары бағаға ие болды. Қаламгердің шәкірті ақын Бағдат Есназар ұстазының өлең өлкесінде қалдырған қолтаңбасын, мол мұрасын, рухани байлығын оқырмандарға айтып берді. Сонымен бірге Мұхтар Сақтаповтың өлеңінен үзінді оқыды. Ал аудандық «Тіршілік тынысы» бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы ауданның бас ақыны саналатын ұстазына арнаған арнау өлеңің көпшілікке ұсынды.

– Өлең өлкесінде жүріп, туған жерінің атын әйгілеген Мұхтар ағамыз биыл 85 жасқа толып отыр. Оның жырлары мен журналистік мақалалары көпшілік көңілінен шыға білді. Шын мәнінде, ауданның бас ақыны лирика, туған жер, патриоттық өлеңдері арқылы әдемі әлемінде өз биінде шарықтады. Кейінгі ұрпақ оның жырларын жатқа айтып, өлкеміздің мерейін асырып, даңқты ақынға құрмет көрсете береді деп сенеміз, – деді аудандық кітапхана директоры Гүлстан Нұржакиева.

Іс-шара соңында кітапхана ұжымы ақынның шығармашылығына арналған «Ақынын ардақтаған ел бақытты» тақырыбындағы кітап көрмесін таныстырды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 мамыр 2021 ж. 743 0