Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 9 газет

04 ақпан 2025 ж.

№ 8 газет

01 ақпан 2025 ж.

№ 7 газет

28 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Бүгін – дүниежүзілік сайлау күні

Бүгін – дүниежүзілік сайлау күні

Бүгін – дүниежүзілік сайлау күні 

Сайлау жүйесінің тарихына көз салсақ, сонау замандарда Грекия елінен бастау алған екен. Ежелгі елде халықтың негізгі мәселелерін шешу үшін «халық жиналысы» өтіп, онда дауыс беру арқылы шешу тәжірибесі қолданылған. Сонымен қатар Еуропа, Англия, Франция елдерінде де ықылым заманнан дауыс беру арқылы таңдау жасау жүйесі қалыптасқаны белгілі.

Қазақ халқына да сайлау жүйесі күні кеше келді деп айта алмаймыз. Неге десеңіз, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы деп келетін заңдар жүйесі халықтың өзара талдау-талқылауынан өтетін болған. Тіпті «Жеті жарғы» қағидалары халықтың талқылауынан өтіп барып қабылданған. Және билердің, жүздердің, ру-тайпалардың өкілдерінің қатысуымен болған сайлаулар бізде өкілдік демократияның дамығанын көрсетеді. Көне заманда хан сайлау үшін халық дауыс беріп, кеңескені де тарихтан белгілі.

1937 жылы Бүкілқазақстандық Кеңестердің Х съезі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады. Жаңа Конституцияның 20-бабына сәйкес жаңа мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып, төрт жылға сайланатын Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі тағайындалды. Бүкілқазақстандық Кеңестердің Х съезі Жаңа Конституцияны бекіткеннен кейін республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау өткізу жөнінде қаулы қабылдап, Қазақ Орталық Атқару Комитетіне сайлау ережесін дайындауды және сайлау күнін анықтауды тапсырды. Конституцияның 112-бабында жаңа жүйедегі сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау негізінде, жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асатындығы белгіленді.

Ол кезеңдерден бері қарай сайлау жүйесі біршама жаңару кезеңдерінен өткені мәлім. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің сайлау жүйесінің нормативтік базасы елдің демократиялық ұстанымдары, ұлттың тарихи құндылықтары және әлемдік тәжірибелерді негізге алады. Бір жағынан халықтың саяси белсенділігін арттыру, сайлау жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіру үнемі ізденісті талап етеді. Соңғы жылдары жүргізілген жүйелі реформалардың арқасында сайлау жүйесінде тың серпін қалыптасты. Президент пәрменімен бүгінде билік институттары жаңарды, саяси партиялар арасында бәсеке күшейіп, жаңа ұйымдар пайда болды. Өзін-өзі ұсыну жолы қалыптасып, азаматтардың кандидат болуға деген сенімі артты.

Кез келген мемлекеттің демократиялық бастауының өлшемі әділ сайлаулармен айшықталады. Бұл орайда ақпан айының бірінші бейсенбісі Дүниежүзілік сайлау күні ретінде бекіген. Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEO) бастамасымен басталды.

Бұл күннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.

Осы орайда аудан тұрғындарының кез келген саяси науқанға зор жауапкершілікпен атсалысатынын айтып өту орынды. Қазыналы қарттарымыз бастап, халық алдында жүрген ел азаматтары отбасыларымен келіп, сайлаудың ашық өтуіне атсалысады. Осы орайда аудандық сайлау комиссиясы халық үдесінен шығып, сайлаудың ашық өтуіне әрі оң шешім қабылдануы жолында жүйелі жұмысын жалғастыра береді. Біздің қоғамда сайлау – мықты азаматтық қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекеттің ажырамас атрибуты.

Ермек ШАЙЛАН,
Сырдария ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
04 ақпан 2025 ж. 45 0