Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алуы

ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алуы

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемио-логиялық бақылау басқармасы базасында «ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алуы»  туралы  аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Рүстем Бимағамбетов баяндама оқыды.

Брифинг барысында  аудан бойынша күз-қыс маусымында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың көбеюі табиғи құбылыс екендігі айтылды.

– Соңғы уақытта азаматтардың өз бетінше емделуге, соның ішінде антибактериялық препараттарды орынсыз қолдануға бейім болуы алаңдатады. Бұл жағдай әсіресе балалар арасында жиі кездесіп, олардың ағзасына кері әсерін тигізуде. Антибиотиктер тек бактериялық инфекцияларға қарсы тиімді, ал тұмау мен вирустық ауруларды емдеуде пайдасы жоқ. Сондай-ақ ол дер кезінде ем қабылдамау мен алдын алу шараларын сақтамау балалардың да, ересектердің де денсаулығына ауыр салдар тигізуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, биылғы 2025-2026 жж эпидемиологиялық маусымға тұмау ауруына қарсы өндірушісі Ресей федерациясының Гриппол вакцинасының 3700 дозасы алынып, бүгінгі таңда 99,8 пайызға игерілді. Жиі ауыратын, диспансерлік есепте тұратын ересектер – 2823, оның ішінде: жүкті әйелдер 103, медицина қызметкерлері - 215. 14 жасқа дейінгі жиі ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балалар тұмау ауруына қарсы екпемен қамтылды.  Оның ішінде 90 оқушы тұмауға қарсы екпемен қамтылды,– өз сөзін қорытындылады.
24 қараша 2025 ж. 68 0