Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұмау – қауіпті ауру

Тұмау – қауіпті ауру

Күн суытып, ауа райы салқындағаннан бастап түрлі жедел респираторлы вирустық инфекциялар ауа тамшылары жолымен таралып, тұмау ауруын асқындырады. Бүгін Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Құралай Омарова брифинг өткізді. Тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекциясы ауруының алдын-алу іс-шаралары және Сырдария ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуалы туралы өткен брифингке сала мамандары мен БАҚ өкілі қатысты.

– Тұмау өте ауыр вирустық жұқпалы ауру. ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың эпидемиологиялық маусымдылық кезеңі қазан айының 1 жұлдызынан бастап сәуір айының 30 жұлдызы аралығына келеді. Сырдария ауданы бойынша 2023-2024 жылдың маусым кезеңіннен бүгінгі күнге дейін жедел респираторлы вирусты инфекциямен 897 науқас есепке алынып, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 572 жағдайды құрады, 63,7 пайызы балалар арасында тіркелді. 2022-2023 жылдың маусым кезеңімен салыстырмалы түрде алатын болсақ 680 науқас есепке алынып, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 387 жағдайды құрады, 56,9 пайызы балалар арасында тіркеліп аурушаңдық деңгейі 1,2 көтерілгендігі байқалады. Тұмаудың маусымдық кезеңінде профилактикалық әдістердің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу қажет. Науқас үйде болғанда оны оқшаулап, бөлмені жиі желдетіп, ылғалды жинау жүргізу қажет, – дейді Құралай Омарова.

Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жуу болып табылады. Тұмаудан кейінгі асқынулар өте қауіпті, себебі тұмау вирустары ең бірінші орында тыныс жолдарын бактериялардан тазартып тұратын эпителийді зақымдап, оның қызметін жояды. Эпителийдің қорғаныш қызметінің бұзылуынан организмге бактериялардың енуіне жол ашылады, содан асқынулар пайда болады.

Тұмау ауруынан кейінгі асқынулар ринит мұрынның шырышты қабатының, құлақтың, бронхылардың шырышты қабаты қабынады. Мұнан бөлек, пневмония өкпенің, миокардит жүрек бұлшық еттерінің, перикардит жүректің серозды қабатының асқынуына алып келеді.

Тұмауды алдын алу үшін ең тиімді, сенімді жолы ол - тұмауға қарсы екпе егу, үйдің ауасын жиі желдету арқылы тазарту, бөлмелерді дымқыл шүберекпен сүртіп тазарту, бөлмелерді қалыпты температуралық режимде ұстау. Сонымен қатар, жеке бас тазалығын сақтау, қолды жиі жуу немесе бір реттік ылғалды қол орамал пайдалану және беторамалдарды жиі ауыстыру және дене шынықтыру, таза ауада көбірек жүру құнарлы және сапалы тамақтану.

Тұмаудың алғашқы белгілері басталғаннан бастап өз бетіңізше ем жүргізбей, дәрігерге қаралу қажеттігін естен шығармаған жөн.
25 қараша 2024 ж. 86 0