Баспасөз конференциясы өтті

Тұмау - бұл барлық жастағы адамдар мен балаларға әсер ететін вирустық инфекция. Тұмау эпидемиялары жыл сайын, әдетте суық мезгілде болады. Тұмау және ЖРВИ денсаулықты бірте-бірте әлсіретіп, адамның орташа өмір сүру ұзақтығын бірнеше жылға қысқартады. Тұмаудың ауыр жағдайында жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз зақымдануы жиі кездеседі, бұл жүрек және қан тамырлары ауруларына, пневмонияға, трахеобронхитке және менингоэнцефалитке әкеледі.
Тұмау күтпеген жерден келіп, санаулы сағаттардың ішінде денеңізге толығымен таралады. Тұмау температураның күрт көтерілуімен (кейбір жағдайларда 40,5 градусқа дейін), жарыққа сезімталдықтың жоғарылауымен, бүкіл дененің ауырсынуымен, сондай-ақ, бас және бұлшықет ауырсынуымен сипатталады;
Тұмаудың бірінші күні мұрыннан су ағу болады, бұл тек осы вирусқа тән. Тұмаудың ең белсенді кезеңі аурудың үшінші-бесінші күні, ал соңғы сауығуы 8-10-шы күні болады.
Алдын –алу шаралары: Науқас болып көрінетін немесе дене қызуы және жөтелі бар адамдармен жақын араласудан, адамдар көп жиналатын жерлерде сақ болыңыз. Қол гигиенасын сақтаңыз - қолыңызды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жиі жуыңыз, әсіресе ауыз бен мұрынды ұстаған кезде. Тұрғын үй-жайларға таза ауа ағынын көбейтіңіз, терезелерді мүмкіндігінше жиі ашыңыз.
Ауру адаммен байланыста болған кезде бетперде кигеніңіз абзал. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Халықты профилактикалық иммундау (вакцинация)- тұмаудың ең тиімді профилактикасы болып табылады.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы