Тұмау және ЖРВИ: белгілері, емі және алдын-алу

Брифингке Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Самалбек Өмірбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары және БАҚ өкілі қатысты. Баспасөз конференциясының Ауа тамшылары арқылы берілетін тұмау және ЖРВИ мен көкжөтел ауруларының аудандағы эпидемиологиялық ахуалы, бұл аурулардың асқынуынан келетін қауіптері, аурудың алдын алу шаралары, қарсы екпе алу маңыздылығы.
– Биылғы жылғы эпидмаусымға тұмау ауруына қарсы өндірушісі Ресей федерациясы Гриппол вакцинасының 3700 дозасы алынып, бүгінгі таңда 97,3 пайызға игерілді. 3340 - ересектерге екпе салынды оның ішінде: жиі ауыратын, диспансерлік есепте тұратын ересектер тобы – 1241, жүкті әйелдер – 118, медицина қызметкерлері – 319. 14 жасқа дейінгі 360 балалар тұмау ауруына қарсы екпемен қамтылды, оның ішінде: оқушылар саны -320, жиі ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балалар саны – 92 екпе алды, – дейді Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары Құралай Омарова.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы