Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ұстаз – ұлт келбеті

Ұстаз – ұлт келбеті

Ұстаз десе толқымайтын жүрек, туламайтын қан болмас. Ұстаз – ауыр жүкті арқалап жүріп, адамды білім жолына салатын қадірлі мамандық. Адамзатты тек қана білімге ғана емес, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін мамандық иелеріне деген құрмет ерекше.

«Ұстаз» деген ұлағатты есім. Мем­лекет басшысы ұстаздарды «ұлт­тың шамшырағы» деп бағалауы әрбір мұғалімнің еңбегіне берілген әділ баға. Соңғы жылдары білім беру са­ласына жасалған нақты қолдау – мектеп салу, жалақыны арттыру, мұғалім мәртебесін көтеру, жаңа цифрлық мүмкіндіктер енгізу бәрі ұстаздардың қоғамдағы беделін арт­тырды. Жас ұрпаққа сапалы білім беруге жол ашты. Әсіресе «Адал азамат» ұлттық бағдарламасы мен оқушыларды әлеуметтік қауіп­тер­ден қорғау бастамасы өте өзек­ті. Бұл – тек білім беріп қана қоймай, ұрпақты адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеудің маңызды қадамы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адам­гершілік рухта бағыт-бағ­дар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сон­дықтан жыл сайынғы дәстүрмен ұстаздар қауымы марапат төрінен көрініп, ұзақ жылғы еңбектері баға­ланатыны заңдылық.

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-ли­цейі­нің бастауыш сынып мұғалімі Ирина Михайлова мен №126 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жәнібек Әкбаров Елорда төрінде Оқу-ағарту министр­лігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сырдариялық ұстаздарға жоғарғы марапатты Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мен вице-министр Асылбек Ахметжанов тапсырды. Бұл награда қос ұстазға білім беру саласындағы табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін берілді.

Облыс орталығында аймақ бас­­­­шысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен жиында аудан­ның бір топ ұстаздары да марапат төрінен көрінді. Мерекеде Оспан Әбілпаттаев атын­дағы №210 мектептің мұғалімі Айгүл Тәжібаева­ның мерейі үстем болды. Аудан­дағы ең үздік педагог-шебер ұстаздардың ең жоғары марапаты Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі – білім беру сала­­сындағы елеулі еңбегі үшін берілетін ең беделді марапаттардың бірі. Бұл атаулы төсбелгі педа­гог­тердің жаңашылдыққа ұмтылысы мен озық тәжірибесін мойындайтын марапат. Облыстан награда алғандардың қатарында №35 мектеп-лицейдің ардагер-ұстазы Шолпан Әбенова мен осы білім ұя­сының көркем еңбек кәсіпкерлік және бизнес пәнінің мұғалімі Ләйла Сағымбаева Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен наградталды. Облыс әкімінің Құр­мет грамотасы №147 орта мекте­бінің алғашқы әскери және тех­нологиялық дайындық пәнінің мұ­ға­лімі Бейбіт Бейсенбаевқа табыс етілді.

Сонымен қатар ауданда өткен сал­танатты жиында жоғарғы мара­патқа, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен №37 мектеп-лицей мұғалімі Күлайша Асқарова, №137 орта мектеп ұстазы Айнагүл Қара­балаева, №36 мектеп-лицей мұғалімі Құндызай Қалабаева, №130 орта мектеп мұғалімі Арай Қойшығұлова ие болды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғысы­мен №129 мектеп-лицей мұғалімі Ләззат Бектоғаева, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен білім бөлі­мінің сектор меңгерушісі Ләззат Мығымбаева мен №135 орта мектеп мұғалімі Гүлнәр Тәжімұратова, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен №129 мектеп-лицейдің мұғалімі Асан Пірназаров марапат­талды. Қазақстандық Оқу-ағарту ғылым және жоғарғы білім қыз­меткерлерінің салалық кәсіп­ода­ғының төсбелгісі аманкел­ділік еңбек ардагері Қайрулла Жүсіпбеков пен №191 орта мектептің кәсіподақ төрағасы Әйгерім Жәлімбетованың кеудесіне тағылды.

Білікті ұстаздар аталған мара­патқа ұзақ жылғы шығар­машылық ізденісі мен адал еңбегінің арқа­сында қол жеткізді.

Ғылым иесі ғалым да, ел қор­ғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, көк күмбезінен әрі өткен ға­рышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алады. Сондықтан ұла­ғатты ұс­таз­дарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Бибісара ЖАНӘЛІ

07 қазан 2025 ж. 271 0