Ұлағатты ұстаздарға құрмет
Ұстаз – қай заманда да киелі ұғым, ең ұлы құрмет иесі. Кемел келешектің кілті қашанда мұғалімнің қолында. Өйткені, адам бойындағы асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы. Сондықтан Ұстаздар күні – қоғамдағы орны бөлек ерекше мерекелердің бірі. Аталған мерекеге орай мерекелік қабылдау өтіп, аудан әкімі Талғат Дүйсебаев сырдариялық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Еліміздің ертеңгі келешегі Сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі білім қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін білдіреді. Ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан шынайы құрметке лайық. Елімізде ұстаздар мәртебесін ұлықтауда, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеруде көптеген игі шаралар атқарылуда. Жыл сайынғы Жолдауларда да ұстаз мәртебесін нығайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, білім қызметкерлеріне деген құрмет артуда, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ аудан әкімі өз сөзінде ауданның білім саласындағы құрметті ұстаздарды атап, олардың ізін жалғастырушылардың еселі еңбегіне тоқталды.
– Ауданның білім саласында өзіндік орнын қалыптастырып, шәкірт жүрегінен орын тапқан ұстаздар қатары жетерлік. Атап айтқанда, ардагер-ұстаздар, «ҚазақССР-нің ағарту ісінің үздігі» Мұрат Іскендіров, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері Анар Ізбасарова, білім беру ісінің майталманы Зоя Алданова және тағы басқа да білікті ұстаздарымыз бар. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген бүгінгі ізбасарлары да ауданның білім деңгейін биікке көтеріп келеді. Аяулы мұғалімдерден тәлім алып, білім үйренген оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық білім бәсекелерінде өз білімдерін дәлелдеуде. Бұл аудан үшін үлкен мақтаныш, зор жетістік. Осы тұста атап өту керек, ауданымыздың мектеп бітіруші түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу және мемлекеттік грант көрсеткіштері бойынша облыста 3 жыл қатарынан көш бастап келеді. Бұл көрсеткіштердің барлығы аудан ұстаздарының еселі еңбектерінің жемісі деп білемін. Кәсіби біліктілік пен педагогикалық шеберлікті ұштастыра білген мұғалімдердің тынбай ізденуінің арқасында мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік оқушылар саны артып келеді. Олар республикалық, халықаралық деңгейдегі білім бәсекелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүр, – деді құттықтау лебізінде аудан басшысы Т.Дүйсебаев.
Құттықтаудан кейін ауданның білім беру саласында жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар ұстаз аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ бала бағбаны болған мұғалімдерге сый-құрмет көрсетілді.

Е:Жаппарбек