Шәкірттері шыңға шыққан білім ордасы
«Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақ». Ахмет Байтұрсынұлының осы бір қанатты сөзі ұстаз атты ұлы мамандыққа үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық. Білім мен тәрбиенің ошағы саналатын алтын ұя мектептің өмірде алар орны ерекше.
Ұстаздық – киелі әрі мақтан тұтарлық мамандық болса, ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, оған бағыт-бағдар беруші тұлға. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейтіні ақиқат. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадына жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысты ардақтайтын, жақындарына да, жан адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» деген екен. Расында, бала жанының бағбаны ұстаз атану қиынның қиыны емес пе?!
Ізгі қасиеттерді бойына жиған, талапты ұстаздардың дені ауданымыздағы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп қабырғасында еңбек етуде. Олар шәкірттеріне қолына қалам ұстатып, өмірде қажетті мамандықтарды таңдауға жол сілтеген адам жанының бағбаны десек қателеспейміз.
1968 жылы сегіз сыныптық орыс мектебі болып ашылған білім ошағының келбеті бүгінде айтарлықтай өзгерген. ҚР еңбегі сіңген мұғалімі, еңбек және соғыс ардагері, ұлағатты-ұстаз Оспан Әбілпаттаевтың есімі берілген қасиетті қарашаңырақ 2002 жылы жаңа ғимаратқа көшті.
– Кенттегі қасиетті қарашаңырақта бүгінде 425 оқушы білім нәрімен сусындауда. Педагогикалық құрам жоғары санатты ұстаздармен толыққан. Әр жыл сайын көптеген шәкірттеріміз республикалық және облыстық, аудандық пән олимпидаларынан жүлделі орындармен оралып, мектеп пен ұстаз абыройын асқақтатып жүр. Былтырғы жылы ұлттық біріңғай тестілеудегі орташа балымыз 85 болып, бітіруші 33 түлектің 30-ы грант иегері атанып, жоғарғы оқу орнына түсті. Бұл ұстаз берген білім мен тәрбиенің айқын көрсеткіші деп білемін, – дейді мектеп директоры Әсем Көшербаева.
Мектепті – білімнің тірегі десек, ал мұғалім – сол мектептің жүрегі, яғни бұл мамандық иелерінің қолында адам тағдыры, болашақ ұрпақтың тәрбиесі тұр. Біз сөз еткен білім ошағында 77 мұғалім мамандығын игерген ұстаз бар. Олардың қатарында жоғары санаттағы 4 ұстаз шәкірттеріне сапалы білім беруде. А.Тәжібаева, А.Жаңабергенова, Ү.Дабылқызы, С.Сағындық, С.Таюповалар шәкірт жүрегінен орын тапқан аяулы ұстаздар.
Мектеп ұжымы тәжірибелі мамандармен қоса жас мұғалімдермен де толығып келеді. Б.Сағидоллақызы, Н.Күдебаева, Б.Сағидолла, А.Ғабитқызы, Ә.Арыстанбекова секілді жас мамандар да білім жолында еңбек атқаруда.
Ұлағатты ұстаздар жайында xалқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы кұрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Ендеше, мектептің жүрегі, қоғамның тірегі бола білетін барша ұстаздарға деген құрмет өшпек емес...

Майя ҚОЖАБАЙ