Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Санитарлық қызметті үйлестіруші

Санитарлық қызметті үйлестіруші

Көзге көрінбейтін үлкен еңбектің иесі – кез келген мекемедегі кіші буын қызметкері саналады. Қашанда санитарлық қызметті үйлестіріп, медбике жанынан табылатын олардың жұмысы жауапкершілікті қажет етеді. Шіркейлі ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кіші буын қызметкері Нұргүл Әбдіреева денсаулық сақтау саласында 19 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Іргелі ауылда халық саны көп болғандықтан, емдеу мекемесіне келетін жандар қатары аз емес. Күн­делікті тазалыққа мән беріп, санитарлық талапты жүзеге асыратын Нұргүл Ұзақбайқызы секілді жандар – бар мақтауға лайық. Әрбір мекеменің табалдырығынан бастап, төріне дейінгі аралықта тазалық орын алмаса, көпшілік сын көзбен қарайды. Оның үстіне дәрігерлік амбулаторияда қай кезде де тазалық қажет. Мұндайда Нұргүл Әбдіреева күнделікті ісінен жаңылған емес. Байыппен жүріп, барлық міндетті лайықты түрде атқарады.

– Мен – Шаған ауылының қызымын. Көршілес ауылдың жігітіне тұрмысқа шығып, отбасы болуға бекіндім. Қазіргі уақытта іргелі ұжымда нәти­желі жұмыс атқарып келемін. Біздің жұмысымыз емдеу мекемесіне келген кез келген адамның назарында. Әрбір жұмыстың өзіндік қиындығы бар. Кіші буын қызметкері ретінде тек тазалық қана емес, инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған маңызды іс-шараға аса мән береміз. Емделу­шілердің сауығуына әсер ететін басты факторлардың бірі екенін назардан шығармаймыз. Кіші буын қызметкерлерінің еңбегі физикалық тұрғыда ауыр, кейде психологиялық жағынан да қиын. Олар күн са­йын ауыр жағдайдағы науқастармен, кейде қайғылы оқиғалармен бетпе-бет келеді. Соған қарамастан, өз мін­деттерін адал атқарып, мейірімділік пен сабырлылық танытады. Осындай межеден көрінгеніме дән ризамын, – дейді Нұргүл Әбдіреева.

Нұргүл Ұзақбайқызы – инабатты, қара­­­пайымдылығымен көпшіліктің сый-құрметіне бөленген жан. Тыным­сыз еңбегінің арқасында әр жылдары басшылықтың зор ілтипатына бөленіп келеді. Жылдың қай мезгіліне қарамастан, тазалық жұмысын мінсіз атқаратын сала қызметкері – отбасында көпбалалы ана. Үйдегі отағасы Тоқтар Мінайдаров Атырау облысында қызмет етеді. Биыл 55 жас мерейтойын атап өткен аяулы жан – 1 ұл, 3 қыздың ардақты анасы.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ

15 шілде 2025 ж. 262 0