Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Денсаулық сақтау саласының мамандарына құрмет көрсетілді

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалында «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының мамандарын қабылдап, құрмет көрсеттім.

Салтанатты қабылдауға «Тереңөзек РБ» бастауыш партия ұйымының мүшелері, елді мекендердегі дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейтін сала мамандары құрметті қонақ ретінде шақырылды.

– Дені сау адам – қоғамның басты байлығы. Сондықтан кез келген мемлекет азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды алдыңғы қатарға қояды. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы мен нақты міндеттері аясында медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. «AMANAT» партиясы денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп, нақты қолдау көрсетуде. Соның негізінде жаңа ғимараттар бой көтеріп, материалдық-техникалық база нығайып, халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетілуде. Шын мәнінде, әлемде қанша мамандық болса, олардың әрқайсысының адам өмірінде өз маңызы бар, ал кез келген сәтте адам өміріне араша болатын ақ халатты абзал жандардың орны ерекше. Дәрігер мамандығын таңдауға үлкен жүрек керек. Кәсіби мерекеде барлығыңызға мұқалмас ерік-жігер, қайтпас қайсарлық пен батылдық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін, – деп сала өкілдеріне Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстадым.

Өз кезегінде хирургия бөлімшесінің кіші буын қызметкері Құралай Есназар, перзентхана және гинекология бөлімшесінің мейірбикесі Лаура Орынбасарқызы, А.Тоқмағамбетов ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейіргері Гүлжайна Таңатарқызы, Ақжарма дәрігерлік амбулаториясының акушері Манат Өкшембаева, Қоғалыкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейіргері Алтынай Исламқызы сөз сөйлеп, алғыс айтты.

13 маусым 2025 ж. 312 0