Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗМЕТІ АДАЛ АБЗАЛ ЖАНДАР

ҚЫЗМЕТІ АДАЛ АБЗАЛ ЖАНДАР


Адам жанының арашасы саналатын ақ халаттылар еңбегі орасан. Біліктілігі мен білімі қатар ұштасып, қажырлы қызмет қылатыны хақ. Балтыры сыздаған ағайынның барар жері емдеу мекемелері екені анық. Кіші буын қызметкерлерінен бастап, дәрігерлерге дейін денсаулықтын парқын түсініп, азаматтарға айрықша жәрдемін береді. Бұрнағы күні 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Егеменді – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, амбулаториялық – емхананың қызметі бар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Н.Мырзағалиева, сала ардагерлері мен мамандары қатысты.
Мерекелік кеш «Тұмар» бишілер тобының «Қазақ биімен ашылды. Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, бас дәрігер Н.Жұмағалиқызы сөз алып, ел азаттығын алған жылдардағы толымды жетістіктерді тізбектеді. Аудан көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталды. Қазақ халқына қастерлі болған тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде медицина саласында өлшеусіз еңбек еткен сала мамандарын зейнеттік демалысқа шағарып салды. Олардың қатарында амбулаториялық – емхананың қызметі бар аудандық орталық ауруханасының бас есепшісі Г.Басқараева, Шаған дәрігерлік амбулаториясының мейірбекесі К.Садықова, жұқпалы аурулар бөлімшесінің шаруашылық аяжаны Ү.Смайлова, гинекология бөлімшесінің кіші буын қызметкері Б.Іскендірова, балалар бөлімшесінің кіші буын қызметкері С.Айтбаева, Ақжарма дәрігерлік амбулаториясының кө­лік жүргізушісі Х.Сүйіндіктер бар. Зейнет жасына жеткен сала мамандарына ерекше құрмет көрсетілді. Бұдан бөлек медицина қызметкерлеріне мерекелік марапаттар ұсынылды. Ұлық мереке қарсаңында абзал жандар облыстық денсаулық сақтау басқармасы және денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының «Алғыс хатын», аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасын» иемденді.
Салтанатты шара барысында Д.Палмахов «Дәрігерлер», А.Шайланова «Ахау елім», А.Дайрабай «Қазақпын», Ж.Сабырова «Қазағым», А.Садықов «Дәрігер», А.Талғатова «Халқым-ай» әндерін орындады. Медицина күрделі мамандықтар қатарына жатады. Күн-түн демей еңбек еткен мамандар жұмысы әрдайым бағаланады. Тынымсыз қызметтерінің арқасында ел алғысын алып, биік дәрежеге жетеді. Ендеше, адам өмірін сақтап қалу үшін аянбай тер төгетін мамандар әрқашан құрметке лайық!

Б.АЯБЕКҰЛЫ
21 желтоқсан 2017 ж. 1 520 0