Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауыл медицинасының құтханасы

Ауыл медицинасының құтханасы

Елімізде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту – маңызды қадамдардың бірі. Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік міндетті жүзеге асыру бағытында Шіркейлі ауылындағы дәрігерлік амбулатория ұжымы үздіксіз қызмет етіп келеді. Ауыл медицинасында еңбек ету – жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартуда, аурудың алдын алуда және алғашқы медициналық көмек көрсетуде шешуші рөл атқаратыны мәлім. Бұл ретте шіркейлілік ақ халатты абзал жандар өз ісіне асқан жауапкершілік танытады.

Іргелі елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияның ғимараты 2014 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 1 дәрігер, 10 орта буын қызметкері және бірнеше кіші буын және жұмысшы қызмет атқарады. Өткен жылы Шіркейлі ауылында 43 бала дүниеге келген. Көпшілік 8312 мәрте дәрігерге қаралып, денсаулығына байланысты шағым айтқан. Бүгінде 205 ауыл тұрғыны диспансерлік есепте тұрады. Күн сайын дәрігер Бахыткүл Қайбылда бастаған ұжымдағы сала мамандары халық денсаулығын жақсартуға барын салады.

– 1997 жылдан бері Шіркейлі ауылының халқына қалтқысыз қызмет етіп келемін. Басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл жұртшылығының жанынан табылып, Гиппократ антына адалдық танытамыз. Дәрігерлік амбулаториямызда 5 орындық күндізгі стационар бар. Өткен жылы 147 науқас сала мамандарының бақылауында болып, денсаулығына байланысты ем қабылдады. Қарт кісілер мен денсаулығы төмендеген науқастарды үй жағдайында қарап, күнделікті аяқтан тұруына атсалысамыз. Біздің ауылымызда туу жасындағы 414 нәзік жандының денсаулығы ұдайы қадағалауда болады. Ана мен баланың жай-күйіне қанығып, оларға дәрігерлік кеңес беруден жалықпаймыз, – деді тәжірибелі дәрігер.

2024 жылы дәрігерлік амбула­то­рия­ның ұжымына жаңа автокөліктің кілті табысталды. Әрқашан 2000-нан асатын ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету сала маман­дарының жұмыс бағыты саналады.

– Ауыл медицинасы – елдің ден­саулық сақтау жүйесінің негізі. Науқастар сапалы медициналық қызметке толық қол жеткізгенде ғана, жалпы ұлт денсаулығы артады. Әрбір адамның денсаулығы – мемлекет дамуының кепілі. «Ауру кірген үйден – сауық кетеді» десек, біз ауылдық жерде аурушаңдық деңгейін азайтып, қауіпті дерттердің алдын алуға барымызды саламыз. Сапалы медициналық қызметтің үлгісін көрсете отырып, жұмысымызды әртараптандырамыз. Аудандық ауруханамен байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс жасай береміз, – дейді Бахыткүл Берлібекқызы.

Б.ОРДАБЕКОВ
15 шілде 2025 ж. 238 0