ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ
Бүгін Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов денсаулық сақтау мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтергенін атап өтті.
– Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында қабылдаған бағдарламаға сәйкес бүгінде еліміз бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа нысандар салынып, халық игілігі үшін пайдалануға берілуде. Бүгін Ақжарма ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды. Ауыл тұрғындары жоғары сапалы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады. Осы сәтті пайдалана отырып, құрылыс жұмыстарын жүргізген «Ахат+ГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшыларына алғысымды білдіремін. Жаңа нысан құтты болсын,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Жаңа нысанның ашылу салтанатында денсаулық сақтау саласының ардагерлері А.Тоғызбаев пен Р.Есмахан сөз сөйлеп, халық денсаулығын нығайту бағытында жаңа нысанның салынуына қолдау көрсеткен атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жемісті жұмыс жасайтынына сенім білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімі Ғ.Қазантаев соңғы бес жылда аудан бойынша көптеген жаңа нысандар салынғанын айтты. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дәрігерлік амбулаторияның лентасы қиылғаннан кейін мәртебелі меймандар мен ауыл тұрғындары мекеме жұмысымен танысты.