Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жанға дәру дарытқан ұжым

Жанға дәру дарытқан ұжым

Елімізде халықтың басым бөлігі ауылдық жерде тұрады. Соңғы жылдары ауылдардағы инфрақұрылымды дамыту жобасы тиімді жүзеге асуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында кейбір елді мекенде алғашқы медициналық санитарлық көмек нысандарының құрылысын дамыту көзделген. Әр өңірде фельдшерлік-акушерлік пункт пен амбулатория салынып, тозығы жеткен медициналық нысанды жаңғырту жасалуда. Шаған ауылдық амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы күні облыстық бюджеттен 328 миллион теңге бөлініп, тиісті мердігер мекеме әлеуметтік нысанға жаңа кейіп беруде.

Шаған ауылындағы емдеу мекемесі 1969 жылы пайдалануға беріліп, жергілікті халыққа бірнеше бөлімше қызмет көрсеткен. 56 жылдық тарихы бар медициналық мекемесі күні бүгінге дейін заманауи бағыттағы қызмет түрлерін көпшілікке көрсетіп келеді. 1995-2009 жылдары елді мекенде 75 төсектік арухана халық ден­саулығын жақсарту бойынша жұмысын жүйелей түсті. Сол аралықта аурухана ауданға қарасты Шіркейлі, Нағи Ілиясов, Ақжарма, Іңкәрдария ауылын қамтыған. Осыдан 16 жыл бұрын Шаған ауылдық амбулаториясы ретін­де құрылымдық өзгеріске енген емдеу мекемесінде 35 орындық науқас қабылдайтын күндізгі стационар бар.


                             
 
– Шаған ауылдық амбулаториясы – ауыл тұрғындарының ден­саулығын бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, сапалы көмек көрсетуді ұйымдастыратын ма­ңыз­ды мекеме. Ұжымда амбула­тория­лық ем қабылдау, алғашқы диаг­ностика, вакцинация, жүкті әйел­дерді бақылау, балалар мен қарттарға медициналық көмек көрсету қызметі бар. Терапевт, педиатр, акушер және бірнеше медбике жұмыс жасайды. Жергілікті тұрғындардың ден­сау­лығын жақсарту жолында аянып қалмасымыз анық. Тарихы жарты ғасырдан асқан емдеу мекемесін әр жыл­дары білікті, білімді бірқатар басшы басқарған. Денсаулық сақтау ісінде қажыр-қайратын танытқан жандар қатарында Тыныштық Жаппаров, Гүлжамал Әлиқызы, Сара Көшенова, Әбілғазы Мерей, Бахыт Қалиев бар, – дейді Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аймақтық дәрігері Алтынай Өмірбаева.

Өткен жылы Шаған ауылында 77 бала дүниеге келген. 16953 мәрте жергілікті халық дәрігерге қаралып, сырқаты бойынша дәрігерден кеңес алған. Ұжымда 4 дәрігер, 1 аға мейір­бике, 1 психолог, 25 орта буын және 18 кіші буын және қызметкері жұмыс жасайды.

– Қазіргі уақытта сала мамандары жергілікті халықпен тығыз байланыста. Туу жасындағы қыз-келіншектердің ден­саулығын жіті бақылап, ана мен бала өміріне бей-жай қарамайды. Меди­циналық мекеменің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізілу барысын аудан әкімі Берік Сәрменбаев, бас дәрігер Жалғасбек Үсенов бақылауда ұстайды. Алдағы уақытта әріптестеріміз жаңарған ғимаратта тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсететін болады, – деді Алтынай Наушабайқызы.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

01 шілде 2025 ж. 207 0