Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 наурыз – «Ынтымақ күні»

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды.

Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан, бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ.

«Ынтымақ күні» облыс көлемінде ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 21 наурыз күні қала және аудандардағы барлық ауылдық округтерде «Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні», «Қош келдің, Әз – Наурыз» мерекелік шаралары өткізіліп, өнерпаздар көрермендерге ән мен жырдан сыбаға береді.

Шетелдерде білім алып жатқан мектеп және колледж түлектері мерекелік бейне құттықтауларын әлеуметтік желілерде жолдайды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Тараз көшесінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Армысың, Әз-Наурыз» атты гала концерт өтеді.

Күн мен түннің теңелер шағында көзі қарақты көрермен осындай шаралардың куәсі болмақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі 

21 наурыз 2024 ж. 565 1

Chase от 9 маусым 2025 04:50
You have made the point. casino en ligne Incredible loads of valuable information! casino en ligne fiable You've made your point extremely clearly!. casino en ligne Thanks. An abundance of data. casino en ligne Terrific posts Cheers! casino en ligne Nicely put. Regards. casino en ligne France Many thanks! I like this. meilleur casino en ligne You have made the point. casino en ligne Many thanks. Useful information! casino en ligne You mentioned that terrifically! casino en ligne