Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалының Атқарушы хатшысы “Мағжан и К” механизаторларымен кездесті

Партия филиалының Атқарушы хатшысы “Мағжан и К” механизаторларымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялаған болатын. Өз кезегінде “AMANAT” партиясы еңбек құндылықтарын насихаттап, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру бағытында көптеген игілікті шаруалардың бастамашысы бола білді. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы Сырдария ауданында жұмысшы мамандықтардың қыр-сырына үңіліп, ондағы жандардың үлесі мен жетістігін насихаттап, дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Осыған орай “AMANAT” партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы “Мағжан и К” механизаторларымен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, “Мағжан и К” қызметкерлері мен механизаторлары қатысты.

Кездесу барысында “AMANAT” партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы жұмысының майталманы, істеген ісін ешкімге бұлдамайтын еңбек адамдарының орны қашан да төрде екенін айрықша айтып өтті.

- Олар – еліміздің тұтқасы, мемлекетіміздің тірегі. Біз ол азаматтарды қоғам болып құрметтейміз, ұлт болып үлгі тұтамыз. Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарының рөлін арттыруға ерекше назар аударып келеді. Оған дәлел, Ел Президенті биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы соның дәлелі - деді AMANAT” партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

- Қоғамды алға бастап, ел іргесін нығайта түсетін қажырлы да қайсар еңбек адамдары екені сөзсіз. Олардың төккен тері мен үлгілі ісі насихатталуы тиіс. Көзден таса, көңілден жырақ қалған әрбір саладағы қажырлы жандар ескерілуі тиіс. Бұл – мемлекетіміздің де басты ұстанымы - деп қорытындылады Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев.

Кездесу соңында “Мағжан и К” механизаторларына партияның атынан арнайы алғыс хат табысталды.

15 наурыз 2025 ж. 152 1

Linette от 31 мамыр 2025 09:42
This is nicely said! ! casino en ligne France You actually explained this fantastically! casino en ligne You actually revealed it adequately! casino en ligne Incredible a good deal of helpful facts! casino en ligne You said it perfectly.. casino en ligne Whoa many of amazing facts! casino en ligne fiable Nicely put. Kudos. casino en ligne France Seriously lots of helpful data. casino en ligne Thanks a lot, I enjoy this. meilleur casino en ligne Thank you! Lots of content. casino en ligne fiable