Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

Бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

«AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы «Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымында болып, партия мүшелерімен кездесті.

Кездесуге бастауыш партия ұйымының төрайымы Света Сақтапова бастаған партия мүшелері қатысты.

Кездесуде «AMANAT» партиясының негізгі құндылықтары, жобалары мен атқарып жатқан жұмыстары туралы айтылды. Сондай-ақ алдағы мақсат-міндеттер нақтыланып, бірлесе атқарылатын жұмыстар пысықталды.

– Партияның негізі – бастауыш партия ұйымдары. Сондықтан біз бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты жүйелендіріп, өздеріңізбен бірлесе еңбек етуге ынталымыз. «Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымында біздің 71 мүшеміз бар. Оның басым көпшілігі ұлағатты ұстаздар. Сондықтан білім саласын қолдау, ұстаздардың қатысуымен өтетін іс-шаралардың мазмұнын арттыру – біздің басты мақсатымыз. Алдағы уақытта әрбір бастауыш партия ұйымында кездесу өткізіліп, партия мүшелерінің ұсынысы жинақталып, соған сай шешімдер қабылданатын болады, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде «Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымының төрайымы Света Сақтапова бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмысын баяндап, AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының жұмысына сәттілік тіледі.
23 қараша 2024 ж. 226 0