Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс конференция өткізілді

Кезектен тыс конференция өткізілді

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кезектен тыс XLVІ (46) конференциясы өткізілді.

Конференцияға «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюро мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері және «Жастар Рухы» Жастар қанаты мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Конференцияны «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов ашып, жүргізді.

Бірінші «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Сырдария аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына, яғни №4 сайлау округі бойынша үміткер ұсыну мәселесі қаралды. Екінші мәселеде «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі делегаттар назарына ұсынылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, конференция делегаты Ақтөре Ибрагимұлы, «Іңкәрдария» БПҰ төрағасы, конференция делегаты Медет Төкенов хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Сондай-ақ партия ардагерлері, конференция делегаттары Мұса Келдібаев, Алтын Нұртаева, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов сөз сөйледі.
14 ақпан 2025 ж. 138 0