Білім бастауы - тәрбие

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының негізгі мақсаты - балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту болып табылады. Аталған бағыттағы мазмұнды шаралар мен келелі жиындар өткізу үшін мектеп-лицейінде арнайы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр.
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі. Ол – мектеп, ата-ана, оқушы үштағанын біріктірушісі. «Отaн-отбaсынaн бaстaлaды»,-дейді дaнa хaлқымыз. Сондықтaн дa бaлa тәрбиесінде отбaсының беделін aрттыру және дәстүрлі отбaсылық құндылықтaрды нығайту мақсатында мектебіміздегі «Даналық мектебінің» жұмысы жүйелі жолға қойылып, «Аталар», «Әжелер», «Әкелер», «Аналар» мектебі мүшелерінің қатысуымен болатын іс-шаралар жалғасын таппақ.