Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді

Облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді

Кеше№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп жобасы-кемел білім-кепілі: пәндер арқылы көркем әдебиетке бағыттау» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Ақмырзаева, Қызылорда қаласы және барлық аудандардан келген мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында жаратылыстану пәндеріне көркем әдебиетті кіріктіре оқыту арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында Сырдария ауданы мұғалімдері сабақ көрсетіп, өздерінің озық педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қазіргі таңдағы сабақ үдерісіндегі жаңашыл әдістемелерімен бөліскен ұстаздарға облыстық оқу орталығының сертификаттары табысталды.
27 наурыз 2024 ж. 191 0