Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » "Құқықтық көмек" партиялық жобасы аясында жиналыс ұйымдастырылды

"Құқықтық көмек" партиялық жобасы аясында жиналыс ұйымдастырылды

"AMANAT" партиясының "Құқықтық көмек" партиялық жобасы аясында "Ә.Тәжібаев" БПҰ ұйымдастыруымен №36 мектеп-лицей базасында “Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс" такырыбында 8-11 сыныптың ұл балаларымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында оқушы бойына ізгілік ұялату, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, АӘТД мұғалімдерінің қатысуымен "Ұл бала мәдениеті" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.

Жиналыста ұлдардың сабаққа қатысуы, мектеп формасы, сабаққа кешігуі, ұлдардың сабақ уақытындағы, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі, мектеп мүлкін ұстау тәртібі жайында және құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстауы керектігі жайлы айтылды.

Ер балалардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, өнерге, білімге деген құштарлық, өнеге мен намысты азамат болулары туралы сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуі және бала өмірінің қауіпсіздігі туралы түсінік берілді.
10 ақпан 2025 ж. 196 0