Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағамнан уланудың алдын алу жөнінде маман кеңестері

Тағамнан уланудың алдын алу жөнінде маман кеңестері

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жаппай тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының таралуының алдын алу мақсатында бақылауды күшейту қажеттілігі туралы еске салды.

Мерекелік және отбаслық іс шарала (той т.б.) өткізу барысында денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін тамақтану сапасына баса назар аудару қажет. Тамақтан улану қауіпін болдырмау және қауіп дәрежесін азайту үшін келесідей тағамнан уланудың алдын алуға бағытталған қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтауды ұсынамыз:

Тағам сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;
Қаптамада көрсетілген өндіруші ұсынған мерзімге дейін сақтаңыз;
Тағамды тек жаңа өнімдерден дайындаңыз;
Талатқа арналған көкөністерді кешкісін дайындап, салқындатып, тоңазытқышта сақтаңыз және ауызашар басталуына 2 сағат қалғанда турап, ұсынар алдында араластырыңыз (барынша өсімдік майымен);
Кондитерлік өнімдерді, кремді торттарды бөлмеге алдын ала қоймаңыз, сақтау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
Ауызашар дастарқанынан кейін тез бұзылатын тағам қалдықтарын тастап, жаңадан дайындаңыз;
Тағам дайындау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
Жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;
Тағам дайындау барысында жеке бас гигиенасын сақтаңыз;

Үй жағдайында дайындалған консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет. Сапасыз жасалған консервілерде ауру қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы микробтар улы токсиндер бөледі. Бұл токсиндер ағзаға енген жағдайда ботулизм ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Консерві қақпағының бүлінгені (бомбаж) байқалса немесе өнімнің сапасына қандай да бір күдік туындаса өнімді қолданудан бас тартыңыз.

Көшеде кездейсоқ рұқсат етілмеген жерден үйде дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудан бас тартыңыз.

Респираторлық және асқазан-ішек ауруларының белгілері бар науқастардың тамақ дайындауына жол бермеу;
Үйде жеке гигиена ережелерін және ыстық, суық тағамдарды дайындау технологиясын сақтау;
Шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану;
Көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуу;
Салат, тартылған ет өнімдерін аз мөлшерде дайындап, бір күннен артық сақтамау;
Піскен және шикі тамақтарды бірге сақтамау;
Тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу;
Тортты тоңазытқышта сақтау;

Қоғамдық тамақтану орындары қызметкерлері уақытылы медициналық бақылаудан өтіп отыруын қамтамасыз ету қажет.

Гүлсім ТҰСМАҒАНБЕТОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
11 желтоқсан 2024 ж. 114 0